"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20312 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13583 болып тіркелді, 2016 жылғы 21 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдар нормаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары";

      "Ішкі істер министрлігі" бөлімінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. "Ішкі істер министрлігі";

      мынадай мазмұндағы 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:

      "

12

Тергеуге алынғандардан жауап алуға арналған кабинет

ш.м.

18

13

"Құпиялылық" режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет

ш.м.

18

14

Жедел-тергеу тобының кабинеті

ш.м.

36

15

Қарап тексеру және айырып тану кабинеті

ш.м.

18

16

Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай

ш.м.

36

      ";

      "Ішкі істер департаменттері" бөлімінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. "Полиция департаменттері";

      мынадай мазмұндағы 16, 17 және 18-тармақтармен толықтырылсын:

      "

16

"Құпиялылық" режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет

ш.м.

18

17

Жедел-тергеу тобының кабинеті

ш.м.

36

18

Қарап тексеру және айырып тану кабинеті

ш.м.

18

      ";

      "Өңірлік (аумақтық) ішкі істер органдарының бөліністері" бөлімінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бөлім. "Өңірлік (аумақтық) ішкі істер органдарының бөліністері":

      мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

      "

7

"Құпиялылық" режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет

ш.м.

18

8

Жедел-тергеу тобының кабинеті

ш.м.

36

9

Қарап тексеру және айырып тану кабинеті

ш.м.

18

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе":

      *үлгілік жоба бойынша 75 адамға арналған ЖБО;

      *қолдану саласы - Алматы қаласы (Шығыс өңірі), Нұр-Сұлтан қаласы (Солтүстік өңірі), Шымкент қаласы (Оңтүстік өңірі), Атырау қаласы (Батыс өңірі).".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Қ.Ә. Сұлтанбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады