Қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 176 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 27 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 20408 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 443 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 114 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2023 № 443 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2023 № 114 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлеріні, айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру жөніндегі кіші қызмет түрі үшін қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тексеру парағы;

      3) бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды жөндеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тексеру парағы;

      4) бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес босатылатын оқ-дәрілерді жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тексеру парағы;

      5) бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов
     
      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

      ________________

      2020 жылғы "___" _______________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2-тармағына және 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдардың тәуекелдіерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тесеру парақтарының нысанына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерінің тізімінде № 17371 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) әзірленген.

      2. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.

      3. Осы Өлшемшарттарда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.

      1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;

      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

2-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары

      4. Тәуекелді айқындау:

      1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;

      2) реттелетін салаға (аяға) келтірілетін зиянның ықтимал теріс салдарларының ауырлық ауқымы:

      3) адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүдделеріне қолайсыз жағдайлардың туындау ықтималдығы өлшемшарттарының бірін ескере отырып, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын саланың ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылады.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне мыналарды жүзеге асыратын мынадай бақылау және алдын ала бақылау субъектілері (объектілері) жатады:

      1) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру;

      2) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды жөндеу;

      3) босатылатын оқ-дәрілерді жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу;

      4) босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу;

      6. Тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, оларды өндiруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды алу және өткiзуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.

      7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты, жартыжылдық кестелер негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі қолданылады.

      8. Жоғары тәуекел дәрежесіндегі субъектілерге (объектілерге) қатысты тексеру жүргізудің кезеңділігі, күнтізбелік жылда бір реттен жиі еместі құрайды.

3-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

      9. Субъективті өлшемшарттар сақталмауы қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымшаға сәйкес белгілі бір бұзушылықтар дәрежесіне сәйкес келетін тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленді.

      Тексеру парақтарындағы әрбір талапқа қатысты бұзушылық дәрежесі - өрескел, елеулі және болмашы дәрежелер айқындалады.

      10. Өрескел бұзушылықтар - лицензияланатын кіші қызмет түрін іске асыру үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның, атап айтқанда мамандандырылған өндірістік ғимараттың, өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтардың, арнайы жабдықталған қойманың болуы бөлігінде тиісті кіші қызмет түрінің біліктілік талаптарын бұзу.

      Елеулі бұзушылықтар - тиісті біліктілігі бар мамандар, технологиялық жабдықтардың, жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлардың, өлшеу құралдарының және өнімді есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы бөлігінде тиісті кіші қызмет түрінің біліктілік талаптарын бұзу.

      Болмашы бұзушылықтар - адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп әкелмейтін тиісті кіші қызмет түрінің біліктілік талаптарын бұзушылықтар, атап айтқанда, нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми базаның, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың, өрт қауіпсіздігін ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды адамның және қаруланған күзетке шарттың болмауы.

4-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      11. Бір өрескел бұзушылықты тапқанда тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100-ге теңестіріледі.

      Егер өрескел бұзушылығы анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылығы бойынша жиынтық көрсеткіш есептелінеді.

      12. Елеулі бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді :

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

      мұндағы:

      SРз – елеулі бұзушылық көрсеткіші;

      SР1 – елеулі талаптардың қажетті мөлшері;

      SР2 – бұзылған елеулі талаптардың саны.

      13. Болмашы бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

      мұндағы:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – болмашы талаптардың қажетті мөлшері;

      SР2 – бұзылған елеусіз талаптардың саны.

      14. Тәуекел дәрежесінің ортақ көрсеткіші (УР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкілмен есептелінеді және көрсеткіштерді жинақтау арқылы мынадай формуламен анықталады:

      SР = SРз + SРн

      мұндағы:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылық көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылық көрсеткіші.

      15. Тәуекел дәрежесі жоғары тексерілетін субъект (объект) тәуекелдік дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша:

      1) тәуекел дәрежесінің 0-ден 60-қа қоса алғанға көрсеткіші кезінде осы Өлшемшарттардың 8-тармағында белгіленген мерзімділікпен тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылады;

      2) тәуекел дәрежесінің 61-ден 100-ді қоса алғанға көрсеткіші кезінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды

      16. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылған, бұзушылықтармен 60 қоса алғанда тәуекелдік дәрежесінің көрсеткішін алған тексерілетін субъект (объект), егер субъект табылған бұзушылықтарды жою және (немесе) бұзушылықтарды жою жөнінде ақпаратты бір реттен артық ұсынбаған жағдайларда бұзушылықтарды жою мерзімдері өткен соң анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тәртіппен тексеріледі.

  Қару-жарақтың, әскери
техниканың және жекелеген
қару түрлерінің айналымы
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша

Субъекті тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

№ р/с

Өлшемшарттар (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды орындамаған кезде белгіленеді)

Бұзушылық дәрежесі

1. Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру жөніндегі кіші қызмет түрі үшін

1

Заңды тұлға басшысының немесе басшысы орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе басшысы орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің бар болуы

елеулі

2

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы

елеулі

3

Қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми базасының болуы

болмашы

4

Арнайы өндірістік ғимаратты қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

өрескел

5

Жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

елеулі

6

Әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

өрескел

7

Жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

елеулі

8

Пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына жауап беретін өлшеу құралдарының болуы

елеулі

9

Ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу және өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың болуы

болмашы

10

Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы

елеулі

11

Күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың болуы

болмашы

2. Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды жөндеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін

12

Заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе басшысы орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің бар болуы

елеулі

13

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы

елеулі

14

Қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми базасының болуы

болмашы

15

Арнайы өндірістік ғимаратты қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

өрескел

16

Жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

елеулі

17

Жөндеу жүргізілгеннен кейін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

өрескел

18

Жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

елеулі

19

Пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына жауап беретін өлшеу құралдарының болуы

елеулі

20

Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы

болмашы

21

Ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу, өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың болуы

болмашы

22

Күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың болуы

болмашы

3. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша кіші қызмет түрі үшін

23

Заңды тұлғаның басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің бар болуы

елеулі

24

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы

елеулі

25

Мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модульді, көтергіш механизмді, жабдықты қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе өзге де заңды негіздегі, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

өрескел

26

Босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе өзге де заңды негіздегі, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

өрескел

27

Босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдық пен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе өзге де заңды негіздегі, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

өрескел

28

Жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе өзге де заңды негіздегі, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

елеулі

29

Пайдалану шарттарына және оларға белгіленген өлшем бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы

елеулі

30

Ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы

болмашы

31

Кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы

елеулі

32

Өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды адамның бар болуы

болмашы

33

Күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың болуы

болмашы

4. Босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін

34

Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық біліміның бар болуы

елеулі

35

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы

елеулі

36

Мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықты қамтитын жеке меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның болуы міндетті емес) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

өрескел

37

Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы қамтитын жеке меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның болуы міндетті емес) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

өрескел

38

Босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды қамтитын жеке меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның болуы міндетті емес) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

өрескел

39

Жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның болуы міндетті емес) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

елеулі

40

Пайдалану шарттарына және оларға белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы

елеулі

41

Ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауінсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы

болмашы

42

Кәдеге жаратылған босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жиынтықтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы

елеулі

43

Өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды адамның бар болуы

болмашы

44

Күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың болуы

болмашы

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру жөніндегі кіші қызмет түріне арналған қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды/

      тексеруді тағайындау туралы акті

      ________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектінің) атауы ____________________________

      ________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі), бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________

      Орналасқан орнының мекенжайы___________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Заңды тұлға басшысының немесе басшысы орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе басшысы орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің бар болуы

2

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы

3

Қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми базасының болуы

4

Арнайы өндірістік ғимаратты қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

5

Жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

6

Әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

7

Жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

8

Пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына жауап беретін өлшеу құралдары

9

Ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу және өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың болуы

10

Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы

11

күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың болуы

Лауазымды адам (адамдар)

___________
(лауазымы)

______________
(қолы)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы

___________
(лауазымы)

______________
(қолы)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды жөндеу жөніндегі кіші қызмет түріне арналған қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды/

      тексеруді тағайындау туралы акті

      _________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектінің) атауы _____________________________

      _________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі), бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі

      Орналасқан орнының мекенжайы ___________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе басшысы орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің бар болуы

2

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы

3

Қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми базасының болуы

4

Арнайы өндірістік ғимаратты қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

5

Жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

6

Жөндеу жүргізілгеннен кейін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

7

Жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (қойманың) және технологиялық жабдықтардың болуы міндетті емес) немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасының болуы

8

Пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына жауап беретін өлшеу құралдарының болуы

9

Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы

10

Ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу, өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың болуы

11

Күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың болуы

Лауазымды адам (адамдар)

_____________
(лауазымы)

______________
(қолы)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы

_____________
(лауазымы)

______________
(қолы)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Босатылатын оқ-дәрілерді жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түріне арналған қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды/

      тексеруді тағайындау туралы акті

      _________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектінің) атауы ______________________________

      _________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі), бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі

      _________________________________________________________________

      Орналасқан орнының мекенжайы ___________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімінің бар болуы

2

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы

3

Мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модульді, көтергіш механизмді, жабдықты қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе өзге де заңды негіздегі, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

4

Босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе өзге де заңды негіздегі, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

5

Босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдық пен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе өзге де заңды негіздегі, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

6

Жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе өзге де заңды негіздегі, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

7

Пайдалану шарттарына және оларға белгіленген өлшем бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы

8

Ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы;

9

Кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жиынтықтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы

10

Өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды адамның болуы

11

Күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың болуы

Лауазымды адам (адамдар)

__________________
(лауазымы)

______________
(қолы)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы

__________________
(лауазымы)

______________
(қолы)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 176 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі кіші қызмет түріне арналған қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды/

      тексеруді тағайындау туралы акті

      _________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектінің) атауы ______________________________

      _________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі), бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі

      _________________________________________________________________

      Орналасқан орнының мекенжайы ___________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімінің бар болуы

2

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы

3

Мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықты қамтитын жеке меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның болуы міндетті емес) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

4

Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы қамтитын жеке меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның болуы міндетті емес) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

5

Босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды қамтитын жеке меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның болуы міндетті емес) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

6

Жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның болуы міндетті емес) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық базаның болуы

7

Пайдалану шарттарына және оларға белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы

8

Ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауінсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы

9

Кәдеге жаратылған босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жиынтықтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болуы

10

Өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды адамның болуы

11

Күзет қызметі субъектісімен қызметтік қаруды пайдалана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың болуы

Лауазымды адам (адамдар)

__________________
(лауазымы)

______________
(қолы)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы

__________________
(лауазымы)

______________
(қолы)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады