Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 тамызда № 21103 болып тіркелді.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мынадай:

      1) оралмандарды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасының саны 1 378 адам;

      2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасының саны 4 750 адам болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынылуын;

      4) осы бұйрықты жұмысында басшылыққа алу үшін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шапкеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады