Төлем ұйымы жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 129 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қарашада № 21584 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Төлем ұйымы жарғылық капиталының мынадай ең төменгі мөлшері белгіленсін:

      1) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген төлем қызметтерін көрсету үшін 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген төлем қызметтерін көрсету үшін 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      3) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген төлем қызметтерін көрсету үшін 40 000 000 (қырық миллион) теңге;

      4) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген төлем қызметтерін көрсету үшін 30 000 000 (отыз миллион) теңге.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Көрсетілетін төлем қызметтерін қоса атқарған кезде төлем ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері:

      1) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      2) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 90 000 000 (тоқсан миллион) теңге;

      3) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 80 000 000 (сексен миллион) теңге;

      4) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      5) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      6) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      7) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 90 000 000 (тоқсан миллион) теңге;

      8) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 80 000 000 (сексен миллион) теңге;

      9) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 40 000 000 (қырық миллион) теңге;

      10) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      11) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге болады.

      3. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады