"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 431 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 637 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 қарашада № 21658 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 431 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15631 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қыркүйекте электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери жүкті күзету және алып жүру бойынша әскери эшелон, қарауыл құрамында қабылдау орнына дейін және кері қарай жол жүрген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт бойынша әскери қызметші қызметтік іссапарда болған жағдайда үлес орнына ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін келісімшарт бойынша әскери қызметші (ол болмаған жағдайда – тиісті бөлімше командирі) есепті айдан кейінгі айдың 1-нен бастар 5-іне дейінгі күндері мемлекеттік мекеменің басшысы атына заңнамада оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиесілілік көзделген жағдайларда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін орындауын растайтын баянатты береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады