Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 сәуірде № 7065 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округіні әкімінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округіні әкімінің 20.12.2020 № 51 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 02-09-04/52 ұсынысы негізінде, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көлтабан ауылдық округінің Қораши ауылы аумағында ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 16.11.2020 № 37 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көлтабан ауылдық
округінің әкімі
С. Бітімбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады