Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 21 "Карантин белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 39 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қарашада № 7699 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 21 "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7514 болып тіркелген, 2020 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі шешімнің мәтінінде:

      3 және 4 реттік нөмірлері 2 және 3 болып ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      2 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:".

      2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көлтабан ауылдық округінің әкімі С. Бітімбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады