Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 мамырда № 7088 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 09.10.2020 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 02-13-4/86 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің Бұлақты ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі
      А. Андакулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады