Карантинді алу және Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 39 "Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылы "Мерей-С" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 42 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 7818 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 2-14/157 ұсынысы негізінде, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылы "Мерей – С" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс- шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.

      2. Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 39 "Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылы "Мерей – С" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7583 тіркелген, 2020 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ш. Берсиев атындағы
ауылдық округінің әкімі
А. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады