Карантинді алу және Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 5 "Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Ақкемер ауылы "Дархан-1" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 мамырда № 7126 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 13 мамырдағы № 2-14/63 ұсынысы негізінде, Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Ақкемер ауылында орналасқан "Дархан-1" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.

      2. Саралжын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 5 "Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Ақкемер ауылы "Дархан-1" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6851 тіркелген, 2020 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саралжын ауылдық
округінің әкімі
А. Мубараков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады