Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 226 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 99 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 446 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдігінің 20.07.2020 № 446 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 03-12/187 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Елтай тұрғын үй алабы, Найзатас көшесі № 25, № 27 үйлерде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Найзатас көшесіне;

      2) Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Гүлістан көшесі № 283А үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Гүлістан көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады