Жуалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 392 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 4723 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8 тармағына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Серік Дүйсенбайұлы Қойбақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Ергебеков

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 2 қыркүйектегі
№392 қаулысына 1 қосымша

Жуалы ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Аудан, ауыл, ауылдық округтерінің әкімі аппаратының және жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 ақпандағы №18 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3716 болып тіркелген, 2018 жылғы 03 наурыздағы электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы №70 қаулысы (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда №2538 болып тіркелді, 2015 жылы 17 наурызда "Жаңа өмір-Новая жизнь" газетінде жарияланған).

      3. "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қазандағы №439 қаулысы (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 наурызда №2038 болып тіркелді, 2013 жылы 29 қазанда "Жаңа өмір-Новая жизнь" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады