Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 4/50 "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 маусымдағы № 48/416 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда № 5883 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 4/50 "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3998 тіркелген, 2016 жылғы 31 қазандағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2016 жылдың 4 қарашадағы № 45 (8005) "Сарыарқа" газетінде, 2016 жылдың 4 қарашадағы №45(147) "Жезказганский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы С. Филипович
      Жезқазған қалалық маслихатытың хатшысы С. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады