"Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 4/50 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қазанда № 3998 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 маусымдағы № 48/416 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 13.06.2020 № 48/416 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабы 4 тармағына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Тажибаев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2016 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 4/50 шешімімен
бекітілген

"Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

      1. Осы "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) және оның сипаттамасы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабы 4 тармағына сәйкес әзірленген және "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның...сипаттамасын..анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Куәлік бір түрде жасанды теріден жасалған мұқабада көзделген.

      4. Куәлік белгіленген тәртіппен Жезқазған қалалық мәслихат хатшысының қолтаңбасымен беріледі.

      5. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.

      6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

      7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1 қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

      8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратының басшысы жүргізеді (бұдан әрі – аппарат басшысы).

      9. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, аппарат басшысы жүргізеді.

      10. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде аппарат басшысына хабарлайды.

      11. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

      12. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтаму нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісін аппарат басшысы белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі...тұрғысынан...қарайды.

      13. Көгілдір түсті жасанды теріден жасалған мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және "Куәлік" деген жазбасы мемлекеттік және орыс тілдерде болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x200 миллиметр болады. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Сол жақ бұрыштың сол жағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбаның суреті. Сол жақ бұрыштың оң жағында фотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы мемлекеттік және орыс тілінде көрсетіледі. Екі жақ төменгі...тарапында...куәліктің...берілген...күні...болады.

      14. Куәліктер Жезқазған қалалық мәслихат хатшысының қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

  "Жезқазған қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің қызметтік куәлігін
беру қағидаларына
және оның сипаттамасына 1-Қосымша

      нысан

"Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Кәулік №

Беру күні

Куәлік берілген қызметкердің қолы

Тапсыру күні

Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы







 







 







      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

  "Жезқазған қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің қызметтік куәлігін
беру қағидаларына
және оның сипаттамасына 2-Қосымша

      нысан

Ұйымның атауы АКТІ

      __________________ __________________ № ________________

      жасалу орны күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" қызметтік куәлігін беру Қағидаларының және оның сипаттамасының 7-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты ___________ тізімге сәйкес:

      Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады:

      Лауазымның атауы Қолы

      Лауазымның атауы Қолы

      Лауазымның атауы Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады