Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қазандағы № 58/523 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қазанда № 4321 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 11/65 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.11.2021 № 11/65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 233 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері бекітілсін.

      2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Г.Қонысбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Жұмабаев
      Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Назар

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 8 қазандағы
  № 58/523 шешіміне қосымша

Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      1. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етілмей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 12 100 (он екі мың бір жүз) теңге мөлшерінде мамандарға көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады