Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 8992 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 01-20/01 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің Волгоград ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 6 қарашадағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8751 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мүктікөл ауылдық округінің әкімі А. Тукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады