"Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Майкөл ауданы Қостанай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 9315 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 16,6 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Майкөл ауылдық округінің әкімі Т. Сактаганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады