Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 7 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 тамызда № 9356 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 01-20/231 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің Қарамеңді ауылында орналасқан Б.С. Мурзабековтың жеке ауласының аумағындағы ірі қара малдың құтырығы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 5 мамырдағы № 4 шешімінің (2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9170 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарамеңді ауылдық округінің әкімі С. Байдильдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады