Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 93/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 6823 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 118/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 03.05.2022 № 118/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс мен толықтыру егізу туралы" № 235 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарықтағы айналымы үшін оларды шығаруының келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттары:

      мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жылы - 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі - төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстың жергілікті атқарушы органымен шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      мемлекеттік бағалы қағаздардың айналым мерзімі - 22 ай;

      сыйақының пайыздық мөлшерлемесі - жылына 4,25%;

      қарызгердің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен негізгі қарызды өтеу айналым мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі;

      2) көлемі - 6 000 000 000 (алты миллиард) теңгеден аспайды;

      3) нысаналы мақсаты - төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. А. Арыноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады