Карантинді тоқтату және Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің 2019 жылғы 25 қарашадағы "Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы "Беркат" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 ақпанда № 6727 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-04/134 ұсынысы негізінде, Шиқылдақ ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының "Беркат" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің 2019 жылғы 25 қарашадағы "Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы "Беркат" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6646 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиқылдақ ауылының әкімі Г. Енсебаева
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Екібастұз
      қалалық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Жакенов
      2020 жылғы "05" ақпан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігінің Тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
      Павлодар облысының тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау
      департаментінің Екібастұз қалалық
      тауарлар мен көрсетілетін
      қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы К. Токатов
      2020 жылғы "05" ақпан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Уразалимов
      2020 жылғы "04" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады