Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің Лекер ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 1-21-01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 наурызда № 6767 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 14 тамыздағы № 1-21-03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 14.08.2020 № 1-21-03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 2-19/44 ұсынысы негізінде, Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің Лекер ауылының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ж. Шайхин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады