Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 26 наурыздағы "Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің Лекер ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-21-01 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 14 тамыздағы № 1-21-03 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 тамызда № 6896 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 02 шілдедегі № 2-19/137 ұсынысы негізінде, Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің Лекер ауылының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 26 наурыздағы "Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің Лекер ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-21-01 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6767 болып тіркелген, 2020 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылтау ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы Ж. Мажитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады