Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің Төсағаш ауылында орналасқан "Кайрат" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 1-03/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 6814 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 1-03/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 21.08.2020 № 1-03/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 1-28/33 ұсынысы негізінде, Шарбақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің Төсағаш ауылында орналасқан "Кайрат" шаруа қожалығының аумағында жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының Шарбақты
      ауылдық округінің әкімі Т. Касенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады