Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы "Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінде орналасқан "НурТомирис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-21-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 1-21-8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 6986 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 тамыздағы № 2-36/323 ұсынысы негізінде, Кеңес ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округінде орналасқан "НурТомирис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы "Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінде орналасқан "НурТомирис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-21-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6720 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кеңес ауылдық округінің әкімі А. Бердыханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Павлодар аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Шахманов
      2020 жылғы "5" қазан___________
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Павлодар
      облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің
      Павлодар аудандықтауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Султангалиев
      2020 жылғы "5" қазан _________
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар ауданының
      ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. Досанова
      2020 жылғы "5" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады