Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қаңтарда № 6712 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округ әкімінің 15.07.2020 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 03 желтоқсандағы № 2-19/479 ұсынысы негізінде, Ольгин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауыруының анықталуына байланысты Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің Тимирязев ауылында орналасқан "Казкеев" фермер қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аймақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Успен ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ольгин ауылдық округінің әкімі А. Жуматанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылық министрлігі
      Ветеринариялық бақылаужәне қадағалау комитетінің
      Успен аудандық аймақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Агатанов
      2020 жылғы "14" қаңтар
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Успен ауданының кәсіпкерлік,
      ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Е. Айтмакушев
      2020 жылғы "14" қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады