Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2017 жылғы 19 маусымдағы "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 3 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 1 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 тамызда № 1631 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2017 жылғы 19 маусымдағы "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 12 шілдеде № 1392 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2017 жылғы 22 шілдедегі № 85 (5434) және "Вечерний Алматы" газетінің 2017 жылғы 22 шілдедегі № 87-88 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Алатау ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Карсакбаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Калдыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады