Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 67 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 6845 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 қазандағы № 10-14/273 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Бірлік ауылында орналасқан "Есильсельхозпродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және "Ернар" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал бруцеллезінің ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 27 шілдедегі № 16 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2020 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6465 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі О. Қонқабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады