Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2-14с "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 3-51 с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 6101 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 13-10 с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 15.11.2023 № 13-10 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2-14с шешіміне (2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      19-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "19. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 3-қосымша 22) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      22-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      Қағидаларға 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Уәлиханов аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
М. Балтабаев
      Уәлиханов аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Кәдіров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ___________ Қ. Ақсақалов

      2020 жылғы "___"_______

  Уәлиханов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 3-51 с шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Атаулы күндердің, мереке күндерінің, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің, есілігі және мөлшері

р/с №

Атаулы және мереке күндерінің және әлеуметтік көмекті алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингетінің шығарылған күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

3

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

7

"Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталған көп балалы аналар

жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер

8

Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасылары

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні

9

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан азаматтар

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

10

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

11

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан азаматтардың отбасы

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

12

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

13

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

14

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам азаматтардың отбасы

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

15

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

9 мамыр-Жеңіс күні

16

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 300 000 (үш жүз мың) теңге

17

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының азаматтары

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 100 000 (жүз мың) теңге

18

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының азаматтары, яғни сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелетiн қалаларда болған азаматтар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 100 000 (жүз мың) теңге

19

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болған азаматтар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 100 000 (жүз мың) теңге

20

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан азаматтар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 100 000 (жүз мың) теңге

21

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтік аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 100 000 (жүз мың) теңге

22

Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 30 000 (отыз мың) теңге

23

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 100 000 (жүз мың) теңге

24

Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яғни майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы азаматтар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 100 000 (жүз мың) теңге

25

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Белорусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған азаматтар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 60 000 (алпыс мың) теңге

26

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы азаматтардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасылары

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 30 000 (отыз мың) теңге

27

Екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (жұбайлары), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (жұбайлары)

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 30 000 (отыз мың) теңге

28

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған азаматтар

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер;
2020 жылғы 9 мамырға 30 000 (отыз мың) теңге

29

1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілмеген азамат

2020 жылғы 9 мамырға 30 000 (отыз мың) теңге

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

30

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын азаматтар

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

31

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай азаматтар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын азаматтарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

32

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған азаматтар

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

33

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы азаматтармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары

жылына 1 (бір) рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштер

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

34

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары

жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады