Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 10 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 4618 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің 07.08.2020 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 ұсынысы негізінде Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкиізтоғай ауылдық округінің "Шыңдауыл" учаскесінің аумағында орналасқан "Бақ-Береке" шаруа қожалығында құтырық ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жылыой аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Жылыой аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімі Д. Тилеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады