Махамбет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 53 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 121 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 маусымда № 4676 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 14-11/128 ұсынысы негізінде Махамбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 25 ақпандағы № 53 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4598 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 2 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауылдық округінің әкімі Б. Мынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады