Жаңабазар ауыл округі, Жаңаталап елді мекені аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 5372 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 25.05.2020 № 21 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" заңының 15-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 11 қаңтардағы № 02-05/08 хатына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Жаңабазар ауыл округі, Жаңаталап елді мекені С.Рсымбетұлы көшесі № 73 үй тұрғыны Б.Жұмағұлдың жеке игіліндегі бір бас ірі қара малының бас миының сынамасы "құтыру" ауруына "оң" нәтиже көрсетуіне байланысты, аталған елді мекен аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Жаңабазар ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы Н. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады