Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауыл округі Телемұнара көшесі № 10 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 3 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 17 қаңтарда № 5377 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 20 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 01.04.2020 № 20 шешiмiмен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақтан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 05-05/16 санды ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Тексеруге өткізілген бір бас иттің бас миының сынамасынан "құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қазығұрт ауыл округі Телемұнара көшесі № 10 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазығұрт ауыы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі Қ.Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады