Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 9 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 5645 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 02.07.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 02-05/180 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы ауылының Гагарин көшесіндегі № 38 үй ауласына, Төлеметов көшесіндегі № 96 үй ауласына және Сиқым ауылының Абай көшесіндегі № 32 үй ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жібек-жолы ауылдық
      округінің әкімі А. Тураров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады