Аққұм ауылдық округі Жаңаұйым ауылы Көктерек көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданының Аққұм ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 21 қаңтарда № 5385 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 18 наурыздағы № 6 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округi әкiмiнiң 18.03.2020 № 6 шешiмiмен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармақтарына, Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23.01.2001 жылғы заңының 35, 37 баптарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық басқару және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының № 02-05/04 10.01.2020 жылғы шектеу қоюға ұсыныс хатына сәйкес, Аққұм ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төлеби ауданының, Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңаұйым ауылы Көктерек көшесі № 5 үйден иттің "Құтыру" ауруына оң нәтижесін бергеніне байланысты Жаңаұйым ауылы Көктерек көшесіне шектеу іс-шараларын енгізілсін.

      2. Төлеби ауданының "Аққұм ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы" Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланған кейін осы шешімнің Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аққұм ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Б.Абдурахманға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққұм ауылдық округ әкімі Б. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады