Шектеу іс-шараларын алып тастау және Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 02 "Аққұм ауылдық округі Жаңаұйым ауылы Көктерек көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 18 наурыздағы № 6 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 19 наурызда № 5507 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық басқару және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 02-05/75 ұсынысы негізінде Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Иттің құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар (егу жұмыстары, залалсыздандыру) кешенінің жүргізілуіне байланысты Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңаұйым ауылы Көктерек көшесіне шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Төлеби ауданының "Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 02 "Аққұм ауылдық округі Жаңаұйым ауылы Көктерек көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5385 болып тіркелген және 2020 жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жариланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлеби ауданының "Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін ;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққұм ауылдық округінің әкімі Б. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады