Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Жаңажол ауылының Жігер көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 4 ақпандағы № 08 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 ақпанда № 5395 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 19 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округi әкiмiнiң 22.04.2020 № 19 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 30 қаңтар 2020 жылғы № 02-05/23 ұсынысы негізінде Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округінің Жаңажол ауылының Жігер көшесі № 22 үй Ә.Омаровтың ауласына және Жігер көшесіне бір бас иттің бас миының сынамасы "құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Репспубликасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Н. Қосалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады