Шектеу іс-шараларын алып тастау және Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімінің 04.02.2020 жылғы № 08 "Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Жаңажол ауылының Жігер көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 19 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 22 сәуірде № 5575 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 07 сәуір 2020 жылғы № 02-05/118 ұсынысы негізінде, Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Иттің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округінің Жаңажол елді мекені Жігер көшесіне шектеу іс -шаралары алып тасталсын.

      2. Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 04 ақпандағы № 08 "Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Жаңажол ауылының Жігер көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5395 болып тіркелген және 2020 жылы 21 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлеби ауданының "Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Репспубликасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірінші Мамыр ауылдық
      округінің әкімі Н. Қосалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады