Шектеу іс-шараларын алып тастау және Келтемашат ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 8 "Келтемашат ауылдық округі, Сеславино ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 18 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 тамызда № 5747 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түлкібас аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 21 шілдедегі № 267 ұсынысы негізінде, Келтемашат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Келтемашат ауылдық округі, Сеславино ауылының аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 8 "Келтемашат ауылдық округі, Сеславино ауылының аумағында шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5616 болып тіркелген, 2020 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түлкібас ауданы әкімдігінің
      Келтемашат ауылдық округ әкімі С. Камбарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады