Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі, Жаңа ауыл елді мекені Мамыт ата көшесінен Байқоңыр, Достар, Ұлы Жібек жолы көшелеріне дейінгі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 11 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 5379 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 34 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің 27.03.2020 № 34 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 02-03/8 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тексеруге өткізілген бір бас иттің бас миының сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Жаңа ауыл ауылдық округі Жаңа ауыл елді мекені, Мамыт ата көшесінен батысқа қарай Байқоңыр, Достар, Ұлы Жібек жолы көшелеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі Н. Бахтияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады