Шектеу іс-шараларын алып тастау және Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 11 "Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі Жаңа ауыл елді мекені Мамыт ата көшесінен Байқоңыр Достар, Ұлы Жібек жолы көшелеріне дейінгі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 34 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 27 наурызда № 5523 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 02-03/116 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бір бас иттің Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі, Жаңа ауыл елді мекені Мамыт ата көшесінен Байқоңыр, Достар, Ұлы Жібек жолы көшелеріне дейінгі аумағына шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 11 "Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі Жаңа ауыл елді мекені Мамыт ата көшесінен Байқоңыр, Достар, Ұлы Жібек жолы көшелеріне дейінгі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5379 болып тіркелген, және 2020 жылы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Жетісай ауданының "Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен:

      1) Осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің көмекшісі Б.Пакизеевке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі Н. Бахтияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады