Шектеу іс-шараларын алып тастау және Жетісай ауданының Асықата кенті әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 02 "Жетісай ауданының Асықата кенті, М.Габдуллин көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданының Асықата кенті әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 22 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 27 наурызда № 5522 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 02-03/117 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай ауданының Асықата кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар егу жұмыстары, залалсыздандыру кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Асықата кенті, М.Габдуллин көшесіне шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Жетісай ауданының Асықата кенті әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 02 "Жетісай ауданының Асықата кенті әкімінің, М.Габдуллин көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5380 болып тіркелген, және 2020 жылы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Жетісай ауданының "Асықата кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және Құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банккіне енгізу үшін жіберуді.

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Асықата кенті әкімінің орынбасары М.Байтемировке жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Асықата кенті әкімі Б. Сериков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады