Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 159 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 шілдеде № 5729 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Келес ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұшқын ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,18 гектар жер учаскесіне "Vista Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Қазақстан Республикасының шекарасынан - Өзбекстан Республикасының шекарасына өту" талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан қырық тоғыз (49) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Vista Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Алынып тасталды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 29.09.2022 № 275 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданының әкімі А. Жанбырбаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 22 шілдедегі
№ 1590 қаулысына қосымша

"Vista Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Қазақстан Республикасының шекарасынан – Өзбекстан Республикасының шекарасына өту" талшықты-оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері

Жер пайдаланушылар атауы

қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

соның ішінде:

ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

оның ішінде:

егістік

оның ішінде:

көп жылдық екпелер

шабындықтар

жайылымдар

суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Ұшқын ауылдық округі

0,18

-

-

-

-

-

-


Барлығы

0,18

-

-

-

-

-

-


      кестенің жалғасы

елдi мекендердің жері

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер

орман қорының жерлері

су қорының жерлерi

босалқы жерлер

10

11

12

13

14

15

0,056

0,032

-

-

-

0,092

0,056

0,032

-

-

-

0,092


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады