Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 275 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 460 "Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Келес ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Есбаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 275 қаулысына қосымша

Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер

      1. Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 206 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5136 болып тіркелген):

      2 тармақ алынып тасталсын.

      2. Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 299 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5208 болып тіркелген):

      2 тармақ алынып тасталсын.

      3. Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 144 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5673 болып тіркелген):

      3 тармақ алынып тасталсын.

      4. Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 159 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5729 болып тіркелген):

      3 тармақ алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады