Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 193 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 мамырда № 7039 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 169 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 21.12.2023 № 169 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18 - бабының 2 - тармақшасына, 139 - бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31- бабының 2 - тармағына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. "Аягөз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Аягөз ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Б. С. Сулейменовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі Д. Оразбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аягөз аудандық
      мәслихат хатшысының
      өкілеттігін уақытша
      жүзеге асыратын Л. Молдашева

  Аягөз ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "20" сәуірдегі
№ 193 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшысы орынбасары;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      3) мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын мүгедектерге күтім жасайтын әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттарға және мүгедектерге күтім жасайтын әлеуметтік қызметкер;

      5) дефектолог, логопед, әдіскер, психолог.

      2. Жұмыспен қамту орталығы саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы;

      2) маман;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;

      4) инспектор;

      5) ассистент.

      3. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары;

      2) мектепке дейінгі мемелекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      3) кітапхана, интернат, шеберхана меңгерушісі;

      4) барлық мамандықтардың мұғалімдері;

      5) әлеуметтік педагог;

      6) педагог-психолог;

      7) аға тәрбиеші;

      8) тәрбиеші;

      9) тәрбиешінің көмекшісі;

      10) музыкалық, көркемдік жетекші, үйірме жетекшісі;

      11) аға жетекші, жетекші;

      12) қосымша білім беру педагогы;

      13) медбике;

      14) педогог-ұйымдастырушы;

      15) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұймдастырушы;

      16) хореограф;

      17) жаттықтырушы;

      18) аға шебер, шебер;

      19) кітапханашы, зертханашы, есепші, экономист, хормейстер, дәрігер;

      20) құрылыс жөніндегі маман;

      21) деректер қоры базасы бойынша маман;

      22) іс жүргізуші, хатшы.

      4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары;

      2) аға мәдени ұйымдастырушы;

      3) сүйемелдеуші;

      4) аға кітапханашы, кітапханашы;

      5) музыкалық жетекші;

      6) барлық атаулының әдіскері;

      7) көркемдік жетекші;

      8) би үйірмесінің жетекшісі;

      9) сүйемелдеуші-концертмейстер;

      10) дыбыс режиссері;

      11) хор жетекшісі;

      12) вокал студиясының жетекшісі;

      13) көркемөнарпаздар ұжымының жетекшісі;

      14) бұқаралық шаралардың режиссеры;

      15) топ жетекшісі;

      16) халықтық ұжымның жетекшісі;

      17) студия жетекшісі;

      18) әдіскер;

      19) әнші;

      20) мәдени шара ұйымдастырушы;

      21) музыкалық-оператор;

      22) костюмер;

      23) суретші.

      5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) басшы, директор, мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары;

      2) әдіскер;

      3) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы;

      4) медбике.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады