Карантинді алу және Баскөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 11 "Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылының аумағына карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 12 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қарашада № 7779 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 – бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 3 қарашадағы №421 ұсынысына сәйкес, Баскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Құстардан тұмау ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылының аумағына белгіленген карантин алынсын.

      2. Баскөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 11 "Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылының аумағына карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7626 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді әділет органында мемлекеттік тіркеу;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баскөл ауылдық округінің әкімі К. Бытебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады