Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 шілдеде № 7385 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 06.12.2023 № 8-4/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5 тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,197 (он бір бүтін мыңнан жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 06.12.2023 № 8-4/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі бекітілсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Абай облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы көрсетіледі;

      2) әлеуметтік қолдау Көкпекті ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;

      3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет беріледі.

      Ескерту. 2 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 06.12.2023 № 8-4/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:

      1) Көкпекті ауданының шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;

      2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл бойы екінші рет жүгінуі.

      4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Кажиакберов
      Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы Т. Сарманов

  Көкпекті
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 3 шілдесі
№ 48-5/5 шешіміне қосымша

Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 қазандағы № 26-5/3 "Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-15-126 тіркелген, 2018 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      2. Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 40-5/3 "Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 қазандағы № 26-5/3 "Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6291 тіркелген, 2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      3. Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/3 "Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 қазандағы № 26-5/3 "Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6889 тіркелген, 2020 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады