Шектеу іс-шараларын тоқтату және Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 18 "Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округінің Қожагелді елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгiлеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 6741 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 1403 ұсынысы негізінде Ырғызбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округінің Қожагелді елді мекеніне шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 18 "Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округінің Қожагелді елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-172 тіркелген, 2019 жылғы 08 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ауылдық округінің әкімі Б. Боранжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады