Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округінің Қожакелді елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 18 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 5-16-172 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 24.02.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 04 желтоқсандағы № 703 ұсынысы негізінде, Ырғызбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округінің Қожакелді елді мекеніне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Б. Боранжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады