Шектеу іс – шараларын алып тастау және Ұлан ауданының Егінсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 2 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 8005 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 қарашадағы №01-26/556 ұсынысы негізінде, Егінсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың қарасан ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округіне қарасты "Берік" шаруа қожалығының "Белбастау" жайлауындағы ірі қара малдарынан шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7721 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 30 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жариялағаннан кейін осы шешімді Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б. Аскабылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады