Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 ақпандағы №37 "Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 40 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 наурызда № 6081 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 ақпандағы №37 "Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5538 тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 22 ақпанда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулымен айқындалған Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "О1=3170×АЕК×10%".

      2. "Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ә.Б.Мұханбетжанова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады